01
март
2023
Басшы туралы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны №42«Толағай» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жанат Каршибаевна Раимоваға
Раимова Жанат Каршибаева 12 мамыр 1980 жылы Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Сайхунабад ауданында дүниеге келді.Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мамандығы қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі. Мінезі ашық, тез шешім қабылдай білетін,ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары басшы. Шымкент қаласы №42 «Толағай» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Раимова Жанат Каршибаева 2001 жылы Гулистан мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбек жолын 03.02.2003ж - 21.07.2005жылдар аралығында МКҚК «Қуаныш» бөбекжай-бақшасында тәрбиеші болып бастап,
22.07.2005ж - 05.04.2010 жылдары «Наурыз» бөбекжай-бақшасында әдіскер қызметін атқарды ,
08.04.2010ж - 20.05.2010 жылы №3 Ю.А. Гагарин атындағы Ж.О.М мектебінде лаборант,
20.05.2010ж - 08.04.2011жылдары ОҚО Мақтарал ауданының білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскері лауазымында жұмыс істеді,
09.04.2011ж - 31.08.2011жылдары №2 Ш.Уалиханов Ж.О.М Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған,
09.09.2011ж - 10.12.2013 жылдары №89 жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
10.12.2013ж - 04.03.2022жылдары Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты №46 «Ақбөпе» бөбекжай- бақшасындағы меңгеруші қызметінен 04.03.2022 жылдан бастап, №42 «Толағай» бөбекжай-бақшасына ротациямен ауыстырылып, бүгінгі таңда осы бақшада меңгеруші қызметін атқаруда.
Жанат Каршибаева өз мамандығы бойынша кәсiптiк шеберлiктi жақсы меңгерген. Ол басшылық жұмыста ұйымдастырушылық қабілетімен, талап қоя білуімен және оның орындалуын қадағалауымен ерекшеленеді. Білікті басшы ретінде педагогикалық кадрмен жұмыс барысында ұстаздардың жеке тұлғалық қабілеттерін есепке ала отырып, жұмысқа қабылдауда және жұмыс беруде нақты бағытталған жұмыстарды атқарып, жас мамандарға, сондай-ақ өз кәсіби деңгейін арттырамын деген педагогтарға жан-жақты қолдау көрсетеді.
Раимова Жанат Каршибаева мектеп жасына дейінгі білім беру мекемесі қызметінің бағытын, білім жүйесінде заман талабына сай жаңа әдістемелік кәсіптік бағыт-бағдарды жетік меңгерген маман.
Еңбек және шығармашылық жолында . «ОҚО Шымкент қаласы білім, спорт және мәдениет қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Алғыс хат «Ұлағатты ұстаз» медалінің иегері, 2018 жылы«Үркер» IQ орталығының директорынан Алғыс хатымен марапатталған, 2018 жылы«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан Облысы филиалы төрағасының Алғыс хатымен, 2020 жыл Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімінің Алғыс хатымен, 2021 жыл Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімінің Алғыс хатымен, 2022жыл Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен, 2023жылы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» РММ ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталуы – өз ісінің білгір маманы екенінің дәлелі.